Текст
30.06.2026
Есірткіге – жоқ дейміз!
Мектебімізде оқушылар арасында есірткі заттарын қолдануға теріс көзқарас қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында профилактикалық әңгіме өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар есірткінің зияны, оның адамның денсаулығына, психикасына және болашағына тигізетін кері әсері туралы ақпарат алды. Сондай-ақ саналы таңдау жасаудың, өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қараудың және зиянды әдеттерге қарсы тұра білудің маңыздылығы түсіндірілді.
Әңгіме соңында оқушыларға пайдалы кеңестер мен есірткі заттарын қолданудың салдары туралы мәліметтер қамтылған «Есірткіге жоқ дейміз!» атты ақпараттық жадынамалар таратылды.