2019 жылғы 4-8 қараша аралығында Каменка орта мектебінде Ұлан басы постына сайлау алды науқаны өтті. Ұлан басы қызметіне өз кандидатураларын ұсынғандар: 8 сынып оқушысы
Иванова София, 10 сынып оқушылары Дедух Зинаида және Медведева Любовь. Бұл оқушылар "ЖасҰлан" ББЖҰ мүшелері болып табылады, сыныпта, мектепте беделге ие, тамаша және жақсы оқуымен ерекшеленеді, белсенді, шығармашыл тұлғалар, мектеп өміріне немқұрайлы қарамайды. Ұлан басы постына үміткерлер өздерінің өмірбаянымен және бағдарламасымен түрлі-түсті үгіт парақшаларын ұсынды. Үлкен үзілістерде қатысушылар оқушыларды дауыс беруге үгіттеп, дауыс беруге шақыратын үнпарақтар мен визиткалар таратты. 7 қарашада үміткерлер сайлау алдындағы дебатта мектеп оқушылары алдында сөз сөйледі. Олар егер Ұлан басы болса, мектеп өмірінде қандай өзгерістер болуы мүмкін деген жоспарларымен бөлісті. Сайлау кезінде келесі оқушылар құрамынан сайлау комиссиясы құрылды. Дауыс беруге қатысқан оқушылар 1-11 сынып оқушылары мен мектеп қызметкерлері.
Дауыс беру қорытындысы бойынша келесі нәтижелер анықталды:
1орын-Медведева Любовь
2 орын-Дедух Зинаида
3 орын-Иванова София