"Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 маусымдағы № 264 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 25 маусымда № 20899 болып тіркелді.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17553 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 қазанда "Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" АЖ-де электронды түрде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 11) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 11) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) оқуға қабылдаудың тәртібін, сондай-ақ "Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру оқуға ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" және "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Баланың немесе білім алушының ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері баланың немесе білім алушының тілегі, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып және қабылдау шарттарына сәйкес білім беру ұйымдарын таңдайды.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Бастауыш білімнің жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.".
мынадай мазмұндағы 9-1, 9-2, 9-3, 9-4, 9-5 және 9-6-тармақтармен толықтырылсын:
"9-1. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерін беру екі тәсіл: көрсетілетін қызметті беруші арқылы "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арқылы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) қағаз түрінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті алу үшін баланың ата-аналары немесе өзге заңды өкілдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметті көрсету стандартында көрсетілген Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаның сәйкес құжаттар тізбесін ұсынады.
9-2. Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап 1 тамызына дейін жүзеге асырылады.
9-3. Портал арқылы жүгінген көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама (құжаттарды қабылдау не дәлелді бас тарту) жіберіледі.
9-4. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында баланың ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап білім беру ұйымына қабылданатыны туралы хабарлама не болмаса дәлелді бас тарту келеді.
9-5. Көрсетілетін қызметті беруші оқуға қабылдау кезінде ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағынан көрсетілетін қызметті алушыларға өтініш берген бірінші үшеуге оқуға қабылданғаны туралы, содан соң - ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап бірінші болып тіркелгендердің ішінен білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағынан тыс 1 (бір) үміткерге оқуға қабылданғаны туралы хабарлама жібереді.
9-6. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы өтінімді қағаз жеткізгіште берген кезде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды тіркейді және бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланың ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап қабылданатыны немесе дәлелді бас тарту туралы қолхат береді.
Өтінімді қағаз жеткізгіште берген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші баланы қабылдаған кезде ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағынан көрсетілетін қызметті алушыға өтініш берген бірінші үшеуін қабылдау туралы, содан кейін - ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап бірінші болып тіркелгендердің ішінен білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағынан тыс 1 (бір) үміткерге қабылдау туралы хабарлама жібереді.
Білім беру ұйымы бірінші сыныпқа қабылдау туралы бұйрықты ағымдағы жылғы 25 тамыздан кейін шығарады.
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес портал арқылы немесе көрсетілетін қызметті беруші арқылы қағаз жеткізгіште жүзеге асырылады;
мынадай мазмұндағы 10-1, 10-2, 10-3, 10-4, 10-5, 10-6 және 10-7- тармақтармен толықтырылсын:
"10-1. "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызметін алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Үлгілік қағидаларға 2-қосымшадағы мемлекеттік қызметті көрсету стандартында көрсетілген құжаттар тізбесін портал немесе қағаз жеткізгіш арқылы тапсырады.
10-2. Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтінімнің қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы электрондық есептен шығару талонын және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында білім беру ұйымына қабылданғаны туралы хабарламаны немесе дәлелді бас тартуды алады.
10-3. Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қағаз жеткізгіште қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті беруші тиісті құжаттардың қабылданғаны және қабылданғаны туралы қолхат немесе дәлелді бас тарту береді.
10-4. Көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алған жағдайда білім беру ұйымынан шығатын оқушы басқа білім беру ұйымына келгені туралы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, оқу сыныбы, мектептің мекенжайы көрсетілген талон береді, осыдан кейін оған тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, оқу сыныбы, мектебінің мекенжайы және оның жеке ісі көрсетілген шығуы туралы есептен шығару талоны беріледі.
10-5. Кету туралы есептен шығару талоны білім беру ұйымына білім алушының келуі және жеке ісін тапсыру үшін беріледі. Бастауыш, негізгі орта, орта білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын орта білім беру ұйымынан екіншісіне ауыстыру растайтын құжаттардың негізінде білім беру ұйымдары басшыларының қабылдау/шығару туралы бұйрықтарымен жүргізіледі.
10-6. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған, ұсынылған құжаттарының дұрыс еместігі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
10-7. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсетуді мониторингілеу ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.";
15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі (бұдан әрі-конкурс).
Мамандандырылған білім беру ұйымы өзінің интернет-ресурсында конкурстық іріктеуді жүргізу кезінде сынып-жинақтарды қалыптастыруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін квотаны орналастырады.
16. Мамандандырылған білім беру ұйымына түсуге үміткерлердің ата-аналарынан/заңды өкілдерінен конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 наурызынан 1 сәуірге дейін жүргізіледі.
17. Мамандандырылған білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен құжаттарды қабылдау үшін жауапты тұлға тағайындалады. Жауапты тұлға конкурсқа қатысуға үміткерлердің электрондық базасын құруға (мамандандырылған білім беру ұйымының атауы, аты-жөні, ЖСН, сыныбы, оқыту тілі, электрондық мекен-жайы, дипломдарының көшірмелері (бар болса) жауапты болады.
18. Конкурсқа қатысу үшін үміткердің ата-анасы/заңды өкілі белгіленген мерзімде мамандандырылған білім беру ұйымының интернет-ресурсында тіркеуден өтеді немесе мамандандырылған білім беру ұйымына жауапты тұлғаға келесі құжаттарды ұсынады:
1) баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш;
2) ЖСН (қосымшада) көрсетілген үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) үміткердің электрондық мекен-жайын көрсете отырып, үміткердің оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар анықтамасы;
4) үміткердің 3х4 көлеміндегі 2 дана фотосуреті;
5) бар болса Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі-"Дарын" орталығы), облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармалары өткізетін республикалық олимпиадаларға қатысқаны туралы дипломның көшірмесі қоса беріледі.
19. Конкурсқа қатысу туралы өтінішті белгіленген мерзімнен кеш беру немесе құжаттар топтамасын толық ұсынбау құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіз бола алады.
20. Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін 3 сәуірге дейін әрбір мамандандырылған білім беру ұйымының жауапты тұлғасы конкурсқа қатысу үшін үміткерлердің электрондық базасын "Дарын" орталығына тест материалдарын қалыптастыру үшін тапсырады.
21. "Дарын" орталығы басшысының бұйрығымен үміткерлердің электрондық базасымен жұмыс істеуге жауапты тұлға анықталады.
22. "Дарын" орталығы оқуға қабылдау үшін конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін конкурстық комиссия құрады.
23. Конкурстық комиссияның құрамына конкурстық комиссияның төрағасы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің өңірлік органдарының, "Дарын" орталығының оқу-әдістемелік кеңесінің, арнайы мониторингтік топтар қызметкерлері, білім беру саласындағы қоғамдық ұйымдар өкілдері кіреді.
24. Конкурстық комиссияның төрағасы Комиссия мүшелерінің арасынан сайланады. Комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрауы тиіс, бірақ жеті адамнан кем болмауы тиіс.
25. Мамандандырылған білім беру ұйымы "Мың бала" ауыл мектептерінің ұлттық зияткерлік олимпиада жеңімпаздары үшін 7-сыныпқа қабылданатын оқушылардың жалпы санының он пайызы мөлшерінде квотаны бекітеді.";
мынадай мазмұндағы 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45 және 46-тармақтармен толықтырылсын:
"26. Мамандандырылған білім беру ұйымдарына іріктеу жүргізу үшін конкурстық материалдарды "Дарын" орталығының оқу-әдістемелік кеңесі әзірлейді және бекітеді.
27. Конкурс "Дарын" орталығы белгілеген мерзімде бекітілген кестеге сәйкес 15 – 30 сәуір аралығында өтеді.
28. Конкурстық іріктеуді өткізу кестесі мамандандырылған білім беру ұйымдарының және "Дарын" орталығының интернет-ресурстарында 5 сәуірден бастап 15 сәуірге дейін орналастырылады.
29. Конкурс офф-лайн (тестілеу) режимінде өтеді.
30. Конкурсты өткізу үшін тест материалдарын "Дарын" орталығының қызметкерлері конкурс басталғанға дейін бір күн бұрын мамандандырылған білім беру ұйымдарына қағаз түрінде (пломбаланған) жеткізеді.
31. Конкурс әрбір өңірде жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша "Дарын" орталығы алдын ала айқындайтын мамандандырылған білім беру ұйымының базасында өтеді. Үміткерлер арасында конкурс және қорытынды шығару әрбір мамандандырылған білім беру ұйымы бөлінісінде өткізіледі.
32. Білім алушыларды мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін ғимаратқа, аудиторияға және конкурстық іріктеу алаңына енгізу үшін қолданылатын бейнебақылау және дыбыс жазу жүйесі орнатылады. Мамандандырылған білім беру ұйымы конкурсты өткізу үшін техникалық жабдықтармен жарақтандырылады.
33. 7-сыныпқа түсушілерге арналған тестілеу келесі пәндер бойынша 75 сұрақтан тұрады:
- математика және логика - 55 сұрақ;
- оқу сауаттылығы - 10 сұрақ;
- Қазақстан тарихы - 10 сұрақ.
6-сыныпқа түсушілерге арналған тестілеу келесі пәндер бойынша 60 сұрақтан тұрады:
- математика және логика - 35 сұрақ;
- оқу сауаттылығы - 15 сұрақ;
- Қазақстан тарихы - 10 сұрақ.
5-сыныпқа түсушілерге арналған тестілеу келесі пәндер бойынша 40 сұрақтан тұрады:
- математика және логика - 30 сұрақ;
- оқу сауаттылығы - 10 сұрақ.
34. Тапсырмаларды шешуге бөлінген уақыт 7 сыныпта - 120 минут, 6 сыныпта - 90 минут, 5 сыныпта- 60 минут, (тест материалдарын тарату, жауап парағының бөлімдерін толтыру, сондай-ақ көрсетілген уақытқа түсіндіру жұмыстары кірмейді).
35. Тестілеудің қорытынды нәтижелерін есептеу кезінде дұрыс жауаптар саны "4" (төрт) коэффициентіне көбейтіледі, ал бір дұрыс емес жауап "-1" коэффициентіне көбейтіледі. Осылайша, жалпы қорытынды есептеледі (4* дұрыс жауап + ( - ) * дұрыс емес жауап= жалпы қорытынды балл).
36. Нәтижелерді өңдеуді Конкурстық комиссия жауап парақтарын сканерлеу арқылы жүргізеді, нәтижелерді алу "Дарын" орталығының бірыңғай тексеру жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі. Сұрақ-кітапшасы қарастырылмайды.
37. Конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша апелляция жүргізілмейді.
38. "Дарын" орталығы, облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары білім басқармалары өткізетін республикалық олимпиадаларға қатысу туралы дипломның облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері бірдей балл жинаған жағдайда мамандандырылған білім беру ұйымына қабылдау кезінде басымдыққа ие болады.
39. "Білім-инновация лицейді" қоспағанда, мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға түсушілерге конкурстық іріктеу бір турда (тестілеу) өткізіледі. "Білім-инновация" лицейіне конкурстық іріктеу және қабылдау "Білім-Инновация" халықаралық қоғамдық қоры белгілеген тәртіппен жүргізіледі.
40. Мамандандырылған білім беру ұйымына оқуға үміткерлерді қабылдау әрбір мамандандырылған білім беру ұйымының бөлінісінде бос орындарға сәйкес баллдардың ең көп санынан басталады.
41. Үміткерлерді конкурстық іріктеудің қорытындылары конкурстық комиссияның хаттамасымен ресімделеді және "Дарын" орталығының және мамандандырылған білім беру ұйымының интернет-ресурстарында конкурстық іріктеу өткізілгеннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей орналастырылады.
42. Конкурс қорытындылары бойынша мамандандырылған білім беру ұйымының басшысы 5 мамырға дейін келесі оқу жылының 1 қыркүйегінде мамандандырылған білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық, резервтік тізімге қабылдау туралы бұйрық шығарады.
43. Үміткерлердің резервтік тізімін конкурстық комиссия негізгі бос орындарға кірмеген конкурсқа үміткерлер қатарынан (10 үміткерден артық емес) жиналған балдардың сомасы бойынша кему тәртібімен қалыптастырады және мамандандырылған білім беру ұйымының интернет-ресурсында орналастырылады.
44. Резервтік тізімге енгізілген үміткерлер мамандандырылған білім беру ұйымдарына бос орын болған жағдайда оқу жылының ішінде қабылдана алады. Бос орындардың болуы мамандандырылған білім беру ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады.
45. 8-11-сыныптарда орын босаған жағдайда мамандандырылған білім беру ұйымы конкурстық іріктеуді дербес жүргізеді, бірақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 217 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығмен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 15681 болып тіркелген) Білім беру нысандарына қойылатын санитарлық эпидемиологиялықс талаптарға сәйкес бекітілген оқушылар санынан аспайды.
46. Әскери іс, спорттың және өнердің негіздері бойынша дарынды балаларды жетілдіруге бағытталған білім беретін мамандандырылған білім беру ұйымдары, мектеп Жарғысына сәйкес, функционалды кәсіби, психологиялық және физиологиялық мәліметтерді ескере отырып, талапкерлердің екінші турын өткізеді.";
мынадай мазмұндағы 3-тараумен толықтырылсын:
"3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.
47. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2) тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
48. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.".
3. Мыналардың:
1) "Орта білім беру саласында жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11057 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 мамырда Қазақстан Республикасы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) 1-тармағының 1) тармақшасының;
2) "Орта білім беру саласында жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы № 28 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16749 болып тіркелген, 2018 жылғы 20 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Ш.Т.Кариноваға жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
А. Аймагамбетов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі
____________________
"____" ______________ 2020 жыл
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметті көрсету стандарты |
||
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
1) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы; |
3 |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ портал арқылы жүгінген сәтінен бастап – қолхат алу үшін бір жұмыс күні; |
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электронды / қағаз түрінде |
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері |
Құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру және осы орта білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық шығару Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады. |
6 |
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін |
7 |
Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші - 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
көрсетілетін қызметті берушіге: |
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 |
Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы ұсыну ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптары |
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 15 (жиырма) минут. |
Қолхат
білім беру ұйымының көрсетілге н қызметті алушыдан құжаттарды алғаны туралы
_________________________________________________________________
(білім беру ұйымының толық атауы)
__________________________________________________________________
(елді мекеннің, ауданның, қаланың және облыстың атауы)
№___________________ құжаттарды қабылдау туралы қолхат
келесі құжаттар _____________________________алынған:
(көрсетілген қызмет алушының Т.А.Ә.)
1. өтініш
2. басқа ________________________________________________________
_______________________________________________________________
Өтінішті қабылдау күні __________________________________________
_______________________________________________________________
Т.А.Ә. (болған жағдайда) (құжатты қабылдаған жауапты)
_________________________________ (қолы)
Телефон _____________________________________________________
______________________________________________________________
Алдым: Т.А.Ә. (болған жағдайда)/көрсетілген қызметті алушы)
"___" _________ 20__ жыл
Өтініш
Менің ұлымды / қызымды (баланың Т. А. Ә. (болған жағдайда))
______________________________________________________________
_____ сынып __________________________________________________
(білім беру ұйымының толық атауы)
_____________________________________мекенжайы бойынша тұратын
_______________________________________________________________
(елді мекеннің, ауданның, қаланың және облыстың атауы)
______________________________________________________________
оқыту үшін
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін
______________ "___" ________ 20__ жыл
(қолы)
|
Бастауыш, негізгі орта және |
"Негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдар арасында балалар ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты |
||
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2 |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
1) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал); |
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Қызмет көрсету мерзімі – 30 минут. |
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Электронды / қағаз түрінде. |
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бір орта білім беру ұйымынан екіншісіне ауыстыруға құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру. |
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілген қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін |
7 |
Жұмыс уақыты |
1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
- көрсетілетін қызметті беруші үшін; |
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталса; |
10 |
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
1) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 15 (он бес) минут. |
|
"Негізгі орта, жалпы орта білім |
|
Нысан |
Есептен шығару талонының нысаны
Тегі _________________________________________________________
Аты ______________________________________________________
Әкесінің аты __________________________________________________
Туған күні _____________________________________________________
Сынып _______________________________________________________
Мектеп _______________________________________________________
(білім беру ұйымының мекенжайы)
________________________________________________________
Мектеп директоры _____________________________________________
Аты-жөні (толық)
М.О. " ___" ________
Өтініш
Менің ұлымды / қызымды (баланың Т. А. Ә. (болған жағдайда))
______________________________________________________________
_____ сынып __________________________________________________
(білім беру ұйымының толық атауы)
_____________________________________мекенжайы бойынша тұратын
_______________________________________________________________
(елді мекеннің, ауданның, қаланың және облыстың атауы)
______________________________________________________________
оқыту үшін
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін
______________ "___" ________ 20__ жыл
(қолы)