Текст
Қазақ халқының көшбасшысы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев туралы білімдерін кеңейту мақсатында Каменка орта мектебінің 5-сыныбында сынып сағаты өткізілді.
Сыныпта келесі сұрақтар талқыланды:
«Президент болу оңай ма?»
«Біздің еліміздің байлығы кім?»
«Отанымның гүлденуі үшін не істей аламын?»
Тұңғыш Президент туралы фильмді көріп, балалар Ұлт Көшбасшысының халықаралық деңгейдегі еңбегін, мемлекетіміздің әлемде мойындалуы туралы атап өтті. Ал жас ұрпақтың міндеті - Қазақстанның болашағын құру, халықтар арасындағы бейбітшілік пен достықты нығайту.