2020 жылдың 12 қарашасында Сандықтау ауданының білім беру бөлімінің «Каменка орта мектебі» ММ 9 сынып оқушылары 2018 жылы алғаш рет басталған IQanat тегін олимпиадасының 1 іріктеу турына қатысты. Негізгі мақсаты ауыл мектептерінің қабілетті оқушыларын анықтау және қолдау болып табылады. Әр қатысушы сыйлық ретінде Олимпиада символикасы бар төсбелгі мен қалам алды. 100 минут ішінде оқушылар төрт бағыттың біреуі бойынша бейімділікті анықтау үшін МЖМБС-ның 7-9-сыныбының (1-тоқсан) мектеп материалына сәйкес келетін 80 тапсырманы шешуге тиіс болды: тілдік (оқыту тіліне байланысты «Қазақ/Орыс тілі»), математикалық, жаратылыстану («Физика», «Биология», «Химия» пәндері), гуманитарлық («Тарих», «География», «Әлеуметтану» пәндері) және «Ағылшын тілі» пәні бойынша қосымша 10 сұрақ берілді. Олимпиада жеңімпазы IQanat Қорынан қор қаражаты есебінен қазақстандық және шетелдік университеттерге түсуге тегін дайындық алу құқығына ие болады, ал бұл осы олимпиадаға қатысуға Елеулі ынталандыру болып табылады.