Текст
2020 жылғы 22 қазанда «Каменка орта мектебі» ММ – нде тоғызыншы сынып оқушылары Қазақстан Республикасы әскери-теңіз күштерінің мектеп-матросының түлегі Кунц Виктормен кездесті. Әңгіме барысында оған сұрақтар қойылды, ол қысқаша жауап берді: ол кемеде қызмет етті, механик мамандығы бойынша матрос болды.
Балалар әскердегі қызметке, жаңа технологияларға, әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайына қызығушылық танытты. Бұл мәселелер әңгіме форматында талқыланды.
Виктор барлық оқушыларға жақсы оқуды, өз Отанын сүюді, нағыз патриот болуды тіледі!