Текст
Әркімнің өз таңдауы бар
2 тамыз педагог-психолог О.Н Сыздықова 9-сынып оқушыларымен «Әркімнің өз таңдауы» атты профилактикалық іс-шара өткізді.
Іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, есірткіні қолданудың салдарымен таныстыру, есірткіні тұтынуға деген теріс көзқарасты қалыптастыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
Әңгімелесу барысында оқушыларға есірткі, олардың түрлері, қолданудың салдары, есірткіге азғырудың әдістері, нашақорлық пен қылмыстың байланысы туралы бейнеролик көрсетілді.
Оқушылар жасаған негізгі қорытынды: қызықты өмір сүріп, салауатты өмір салтын ұстанып, бір-бірімен араласып, шығармашылықпен айналысу керек, сонда бақыттың жасанды алмастырғыштары қажет болмайды.