Текст
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Каменка орта мектебінің оқушылары үшін «Балаларға жылу сыйла» атты қайырымдылық акциясы өткізілді. «Каменка и Д» ЖШС директоры А. И. Джейранов бұл мереке күні 32 балаға тәтті сыйлықтар табыс етті.
Жеке кәсіпкер М. В. Доценко да шетте қалған жоқ. Бақытты балалар үлкен ықыласпен құттықтаулар қабылдады және меценаттарға көңіл бөлгені үшін алғыстарын білдірді