Жер күнін мерекелеу аясында «Каменка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ оқушылары «Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, бастапқы әскери және технологиялық даярлық орталығы» КММ ұйымдастырған «Бұл жер - сенің және менің жерім» табиғат білгірлерінің облыстық турниріне қатысты.
Турнирдің бірінші күні әр команда өзінің визит кәртішкесін, ұранын және көркемдік нөмірін ұсынды, сондай-ақ «Экологиялық оқиға» номинациясында экология тақырыбындағы ертегімен сөз сөйледі. Турнирдің екінші күні қатысушылар «Экологиялық туризм» және «Жасыл білім беру ұйымы» номинациялары бойынша жобаларды қорғады, онда балалар өз жерінің экологиялық мәселелерін шешудің өз әдістерін ұсынды, өткізіліп жатқан еріктілік қызметі және мектепті көгалдандыру жоспарлары туралы айтып берді.
Үшінші күн іс- шараның қорытындысы және жеңімпаздарды марапаттаумен ерекшеленді: біздің балалар «Экологиялық оқиға» номинациясында 2-орынды және «Визит кәртішкесі» номинациясында 3-орынды иеленді. 8 сынып оқушысы Гладкова Юлия «Экологиялық туризм» номинациясында 2 орынға ие болды. 8-сынып оқушылары Акулова Ульяна мен Пейзанг Елена «Жасыл білім беру ұйымы» номинациясында 3-орынға ие болды. Балаларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді, ал жетекшілері Ақмола облысы білім басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды.