«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Каменка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жыл бойы Мектеп Парламенті оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту бойынша жұмыс жүргізіліде.
2023-2024 оқу жылында мектепте Мектеп Парламентінің жаңартылған құрамы жұмыс жүргізіп жатыр. 11сынып оқушысы Шишкина Юлия мектептегі дауыс беру арқылы мектеп президенті болып сайланды.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Н.Моисеенковамен бірлесіп бірыңғай тәрбие бағдарламасын ескере отырып, Мектеп Парламентінің жоспары құрылды.
Жыл бойы Мектеп Парламентінің отырыстары үнемі өткізіліп тұрады. Отырыстарды жұмыс жоспары қаралады, түрлі іс-шаралар дайындалады, атқарылған жұмыс туралы жұмыстар тыңдалады.
Мектеп парламентінің мүшелері аудандық және облыстық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болады. Аудандық «Бағытымыз айқын, мақсатымыз анық» атты портфолиосының үздік байқауында мектеп басқармасының ұйымдастыруымен Юлия Шишкина 2 орын алды.