Текст
Каменка орта мектебінде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған "Бірлік пен келісім" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Іс-шараның мақсаты-балаларды адамдар арасындағы қарым-қатынасты құрметтеуге және бағалауға үйрету, патриоттық сезімге, ұлттық бірлік, серіктестік пен достыққа тәрбиелеу.
Балалар Қазақстанды әр түрлі гүлдерден үлкен гүл шоғы ретінде көрсете алды. Біздің республикамызда қазақтар, орыстар, немістер, шешендер, белорустар, украиндар, татарлар, башқұрттар және басқа ұлт өкілдері тұрады.
Олардың барлығы бір-біріне сыйлап, көмек көрсете отырып, бір отбасы сияқты достық пен келісімде өмір сүреді. Бірге қуанады және мәселелерді бірге шешеді.