2023 жылғы 17 қазанда Лесное ауылының жалпы білім беретін мектебінің базасында Сандықтау ауданының мектеп оқушылары қатысқан "Жыл оқушысы – 2023" байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты-оқушылардың білім деңгейін арттыру, оларды білімнің әртүрлі салаларында дербес зерттеу және шығармашылық жұмысқа тарту, жеке қабілеттерінің жаңа деңгейін қалыптастыру, ынталы және дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау үшін жағдайлар жасау. Байқау IV кезеңнен тұрды: өзін-өзі таныстыру, эссе, шешендік және портфолио. IV кезеңнің қорытындысы бойынша өз жас санатында "Жыл оқушысы – 2023" атағын жеңіп алған оқушылар анықталды. 8-9 сыныптар санатында біздің мектептің оқушысы Маур Яна 1 орын алды. Янаны жеңісімен құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!!!