Текст
Бүгін Астана қуыршақ театры мектепке өз қойылымымен келді. «Ертегі күні» жастар жобасымен.
Жобалық бағдарламада балаларға жолдағы өзін-өзі ұстау ережелері, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас ерекшеліктері, сақтық шаралары және ата-анасына сене білу туралы айтылды. Мектеп ұжымы мен балалар осы жобаны ұйымдастырушыларға қызықты ертегі үшін алғысын білдіреді.