«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Каменка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Каменка отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік.желілер

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2019 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Сандықтау ауданы білім бөлімінің "Каменка орта мектебі" ММ қызметі туралы есебі

10.02.2020

2019 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Сандықтау ауданы білім бөлімінің "Каменка орта мектебі" ММ қызметі туралы  есебі

 

I. Жалпы мәліметтер

  1. Бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік қызмет көрсету ұйымы туралы мәліметтер

Орналасқан орны

Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Каменка селолық округі, Каменка селосы, Ыбырай Алтынсарин көшесі, № 89 үй, Байланыс телефондары: 8(71640) 96-2-83, 8(71640) 96-6-14

 Мектеп директорының м.а.

Радецкая Юлия Сергеевна

Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету, мониторинг жасайтын  жауапты тұлғалар

Кусаинова Карлыгаш Абдуалиевна

2. Көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

Мемлекеттік қызметтер саны,барлығы

 

Мемлекеттік корпорация және "электрондық үкімет" порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер түрлерінің саны»

Тегін негізінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

 

Ақылы негізінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

Бекітілген мемлекеттік қызметтер стандарттарының саны

Бекітілген мемлекеттік қызмет регламенттерінің саны

 

7 қызмет

0

7

0

7

7

 

2 Аса талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

№ р/р

Мемлекеттік қызметтердің атауы

Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеменің атауы

2019 жылы көрсетілген қызметтер саны

Ескертпе

 

1

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды  және балаларды қабылдау

 

 

 

 

Сандықтау ауданы білім бөлімінің "Каменка орта мектебі" ММ

11

Қызмет аудан мектептерінің Балабақшалары мен Шағын орталықтарымен ұсынылады

 

2

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау

 

41

Қызмет аудан мектептерімен ұсынылады

 

3

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарындағы денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау

0

Қызмет аудан мектептерімен ұсынылады

 

4

 

Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру

1

Мемлекеттік корпорация арқылы талап етілген қызмет

 

5

 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту,бастауыш,негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын, білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің біліктілік санаттарын және оларға теңестірілген тұлғалалардың аттестаттаудан өтуі үшін /растау /құжаттарды қабылдау

6

 

Қызмет тікелей қызмет көрсетушілермен ұсынылады

 

6

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру немесе ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау

 

1

Қызмет тікелей қызмет көрсетушілермен ұсынылады

 

7

Жалпы білім беретін оқу орындары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау

 

0

Қызмет тікелей қызмет көрсетушілермен ұсынылады

 

 

 

II. Қызмет алушылармен жұмыс

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер

1)

Сандықтау ауданы білім бөлімінің "Каменка орта мектебі" ММ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат ресми Ғаламторда орналастырылған.

2)

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы көрнекі ақпарат стендтерде орналастырылған. Сондай – ақ, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің әрбір түрі бойынша тарату материалдары бар-буклеттер.

2. Мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобаларын ашық талқылау туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының электрондық үкімет порталында мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобаларын талқылау мүмкіндігін түсіндіру бойынша аудан тұрғындарымен тұрақты негізде жұмыс жүргізілуде egov.kz, "азаматтар мен Үкімет" бөлімінде - "жария талқылау". Сондай-ақ, Мемлекеттік қызмет стандарттарының жобалары Сандықтау ауданы білім бөлімінің "Каменка орта мектебі" ММ ресми интернет-ресурсында жария талқылау, ұсыныстар мен ескертулер енгізу үшін орналастырылады.

Сандықтау ауданы білім бөлімінің "Каменка орта мектебі" ММ-не, мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік және ведомстволық бағынысты ұйымдарға 2019 жылдың есепті кезеңінде аудан тұрғындарынан стандарттар жобаларына толықтырулар немесе өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар түскен жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар

    Қызмет алушылар, жауапты мамандар жүгінген кезде Мемлекеттік қызмет көрсету барысы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, сондай-ақ білім бөлімінің кеңестерінде, кеңестерінде, "Мемлекеттік қызмет көрсету" бағыты бойынша сұрақтар түскен кезде толық жауаптар беріледі, есепті кезеңдегі көрсеткіштер айтылады, ұсыныстар мен туындаған мәселелер талқыланады.

2019 жылы 2 түсіндіру іс-шаралары (кеңестер, семинарлар, дөңгелек үстелдер) өткізілді, ай сайын ауданда мемлекеттік қызмет көрсетудің проблемалық мәселелерін талқылау бойынша кеңестер өткізіледі.

III. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері

 Автоматтандыру және оңтайландыру мақсатында ауданның көрсетілетін қызмет берушілердің мемлекеттік қызмет ұсынудың үдерісін жылдамдату және жеңілдету болып табылады.

Мемлекеттік қызметті автоматтандыру және оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізу қызметті ұсыну мерзімін, мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесін қысқартуға, сонымен қатар қызмет көрсетуші мен қызмет алушының арасындағы байланысты алып тастау арқылы осы саланың сыбайлас жемқорлығын азайтуға мүмкіндік берді.

Аудан тұрғындары арасында ауданның мемлекеттік органдарының мамандарымен электронды-сандық қол қоюды алу қажеттілігі және одан әрі мемлекеттік қызметті электронды пішімде алу туралы түсініктеме жұмысы жүргізіледі.

Сандықтау ауданы білім бөлімінің "Каменка орта мектебі" ММ-де ауылдық округтер тұрғындарының электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары орнатылды.

2. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар

Заңдарды, ережелерді, әдістемелік ұсыныстарды, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерін зерделеу арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандар (барлығы 4 адам) өз білімдерін арттыруға тиісті 2019 жылы 100% құрған, біліктілігін арттырудан 3 адам өтті.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестеріндегі нормативтік-құқықтық жетілдіру

Қоғамдық қатынастарды реттеу, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы негіз қалаушы қағидаттар мен нормаларды белгілеу мақсатында 2013 жылғы 15 сәуірде "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы"Заң қабылданды. Мемлекеттің, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін сақтау мақсатында мемлекеттік қызметтердің стандарттары, регламенттері және тиісті ережелері бекітілді.

IV. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Шағым беруші туралы мәлімет

Шағымның мәні

Шағымды қарастырған және (немесе) шешім қабылдаған (ұйым) мекеме

Қарастыру күні

Шағымды қарастыру қортындысы бойынша құжат №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет

 

 

 

 

 

 

 

Есепті кезеңде қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

2 Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасындағы ішкі бақылау нәтижелері

 Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау мақсатында Сандықтау ауданы білім бөлімінің "Каменка орта мектебі" ММ мемлекеттік қызмет көрсету есебі ай сайын дайындалады және жинақталады.

Жыл сайын мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік органдардың қызметіне тексеру жүргізіледі, қорытынды бойынша анықталған ескертулер дереу жойылады, тексеру барысында ұсынымдар, тапсырмалар беріледі, тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданады. 2019 жылға бекітілген кестеге сәйкес 2 рет ведомстволық бағынысты ұйымдардың мемлекеттік қызмет көрсету бойынша құжаттары тексерілді.

V. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушылардың қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру және одан әрі тиімділік перспективалары

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Сандықтау ауданының қызмет көрсетушілерінің одан әрі тиімді жұмысы үшін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қызмет алушылардың қанағаттануын арттыру мақсатында:

            1. Сандықтау ауданы білім бөлімінің "Каменка орта мектебі" ММ мемлекеттік қызмет көрсетуге жауаптылар тұрақты негізде мемлекеттік қызмет көрсету саласында өз біліктілігін арттыратын болады;

2. Мемлекеттік қызметтерді тұтынушыларда мемлекеттік қызмет көрсету салалары бойынша сұрақтар туындаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерінің талаптарын түсіндіру бойынша кездесулер, семинарлар өткізіледі, олардың қорытындысы бойынша жоғары тұрған органға ұсыныстар енгізіледі;

3. Электрондық форматта және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер түрлерін ұлғайту жөніндегі жұмыс бағытталатын болады, осы мақсатта тоқсан сайын мемлекеттік қызметтер Жәрмеңкесі өткізіледі;

4. Білім беру ұйымдарының қызмет көрсетушілері мемлекеттік қызметтерді уақытында көрсетуге бағытталған барлық қажетті шараларды қабылдайды;

5. Сандықтау ауданының білім бөлімінің "Каменка орта мектебі" ММ Интернет-ресурсы және басқа веб-сайттар арқылы, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы БАҚ-та қызмет алушыларды ақпараттандыру бойынша, сондай-ақ электрондық форматта тұрақты негізде жұмыс жүргізіледі.

                                 

 

Просмотров: 525


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст