Текст
Гуманитарлық циклдегі пәндердің Апталығы аясында 6 сыныпта қазақ тілі мен әдебиет сабағынан "Менің елім" тақырыбына ашық сабақ өтті. 6 сынып оқушылары сабаққа өте қызығушылықпен қатысты. Балалар сабақта алдында қойылған оқу мақсаттарына ойдағыдай жетті. Оқушылар жаңартылған мазмұн бойынша жаңа әдіс-тәсілдермен жұмыс жасады. Сабақ «Гүл сыйлау», «Жылжымалы микрофон», «Кофе таяқшылары», «Графикалық органайзер», «Аяқталмаған сөйлем» әдіс-тәсілдері бойынша жүзеге асты. Балаларға сабақ өте ұнады, өздеріне өмірде пайдалануға болатын мол ақпарат алды.
Қазақ тілі мұғалімі М.Ш. Каирова