13 ақпан күні "Каменка орта мектебі" ММ-де 1 сыныпта "Қарым-қатынас әліппесі"тақырыбында өзін-өзі тану сабағы өтті. Балалар "сәлем" деген сөз сау болып жүру деген үғымды білдіретінін, бұл құрмет пен сәлемдесу әрекеті екенін білді. Шығармашылық жұмысты орындау барысында балалар бір-бірін әдеттен тыс тәсілмен қарсы алды. Әр түрлі түсті бояуларға өз алақандарын малып , балалар сәлемдесу тақтасында өз іздерін қалдырды. Сабақтың қорытындысында балалардың әр адам өзін жақсы және мейірімді адамдардың қоршағанын армандайтынын түсінді.
Өзін-өзі тану мұғалімі С. В. Барыбина