Текст
Лагерь, туған күніңмен!
Лагердің үшінші күні балалар қызығушылықпен орындаған сауықтыру жаттығулармен басталды. Жаттығудан кейін медбике бірден «Менің өсуім және салмағым» тақырыбымен денсаулық минутын өткізді.
Күні бойы сергектік алып демалған барлық балалар екі отрядқа бөлінді. Құмырсқалар секілді жұмыс бірден қызып кетті. Тәлімгерлер өздерінің тәрбиеленушілерімен бірге өлең шумақтары мен ұрандар үйреніп, осылайша өзіне сенім және білуге құмарлық отын жандырды.
Күн таза ауада қозғалмалы ойындарды өткізумен жалғасты. Балалар үлкен қызығушылықпен көңілді жарыстарға қатысты.
Күні бойы лагерьде жарқыраған және қуанышты күлкі естілді.