«Табиғатты қорғау»
Бүгінгі күніміз «Табиғатты қорғау» тақырыбымен өтті. Қоршаған ортаның күрделі проблемаларын зерттейтін, ғылыми тұрғыдан ұсыныстар жасайтын ғылым саласын экология дейміз.Табиғат, Жер Ана, Атамекен, Туған жер, Ауылым деген ұғымдар бір-бірімен тамырлас әрі тағдырлас екені сөзсіз. Адамның екі анасы бар: бірі – туған анасы, екіншісі табиғат.
Бүгінгі күнге дейін сәнімізге сән қосып, көркейтіп тұрған даламыз көз алдымызда құлазып,тозып бара жатқандай. Сондықтан, балаларға өзінің тіршілік етіп отырған ортасын таза ұстап, өмір сүруге қолайлы болу үшін, табиғатпен тығыз қарым – қатынаста болғандары жөн екендігі туралы сөз қозғалды.
«Өспеген табиғаттың аясында, табиғат сұлулығын аясын ба?!» осындай даналық сөздердің түбінде не деген үлкен ой жатыр десеңші!
Егер әрбір адам өзіне ғана тиесілі аядай жерде қолымыздан келгенінің бәрін жасаса ғой, сонда біздің жеріміз құлпырып, көркейіп, жайнап экологиясы тазарар еді.