Текст
«Мың бұралған бишілер» күні
Мың бұралып сахнада тамсанып,
Би билеңдер босатылып бар жүктен.
Көрермендер өте ыстық қарсы алып,
Шапалақтап жібереді зал біткен.
Бүгінгі күн жас таланттарды қолдау және таныту, көркемдікке тәрбиелеу, өз халқының және өзге халықтардың мәдинетін танып білуге бағыттау, балаларды музыка жанрын түсініп білуге баулу, ұлттық өнердің қыр-сырын үйрету мақсатында өтті.
«Ел іші – өнер кеніші» демекші, мектепалды алаңымызда, талапты, талантты жастар көп-ақ. «Бұлақ көрсең, көзің аш» деген халық даналығы негізінде олардың шабытына шырай келтіріп, бос уақыттарын тиісті деңгейде тиімді пайдаланып жүрген тәрбиешілердің жұмысы да белсенді.
Балалар қызығушылықпен би билеп, көңілдерін көтерді.