Текст
Білім күні.
Бүгін мектепте Білім күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.
Барлық оқушылар ата-аналарымен бірге туған мектебіне қуанышпен және көңілді алғашқы қадам басты. Оларды педагогтар, мектеп директоры Хлыстова Вера Николаевна, аудан маслихатының хатшысы Клюшников Сергей Иванович, Каменка селолық округінің әкімі Аркенова Майя Амангельдиновна жылы сөздерімен қарсы алды.
Бірінші сынып оқушылары би билеп, өз дайындықтарымен білімдерін тек үздік көрсетуге уәде берді.
Барлық сыныптарда бірінші сабақ «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбына ұйымшылдықпен және қызықты өткізілді.
Каменка оқушылары жаңа оқу жылын қуанышпен қарсы алды.