Текст
Тақырыптық көрме
Тақырыптық көрме – мектеп кітапханасы жұмысының ажырамас бөлігі. 2017 жылдың 11 қыркүйегінен 15 қыркүйекке дейін мектеп кітапханасында Қазақстан халықтарының тілдер Онкүндігі ішінде «Тіл – әр халықтың байлығы» тақырыбына көрме жасалды. Кітап – көрменің экспонаты – тақырыптық сөреде, еркін тақырыптармен жасалады. Әрбір оқушы үзілісте немесе сабақтан тыс уақытта осы сөрелерден кітап алуы мүмкін, оқу залында отырып, оны қарап, оқып шығып, одан өздеріне керегін жазып алып, кітапты орнына қояды. Осындай жұмыс формасы оқушылардың оқуға деген қызығушылығының дамуына ықпал етеді.