Гүлдене бер, Қазақстаным, туған жерім!
10-11 сынып оқушылары арасында Тәуелсіздік Күні қарсаңында "Гүлдене бер, Қазақстаным, туған жерім ! " зияткерлік сайыс өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты: патриоттық тәрбие, Отанға деген құрмет оның табиғатына, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілік. Шағын сөзжүмбақ жаттығуларынан кейін балалар "Үздік аудармашы» байқауына қатысты, ою – өрнектерді пайдаланды және оның элементтерін түсіндіре отырып "кілемдер дайындады", Отан тарихы бойынша өз білімдерін көрсетті. Әділ қазылар өз қорытындысын шығарғанша, балалар "Туған жер" атты фильм тамашалады.
Барлықтарыңызды келе жатқан мерекемен құттықтап, баршаңызға бақыт және береке тілеймін. Біздің көпұлтты халқымызға бейбітшілік пен келісім. Денсаулық зор болсын, елімізде бейбітшілік , достық болсын!