Қазақстан– біздің үйіміз
Жыл сайын желтоқсан айында жақсы дәстүр бойынша, Қазақстанның көпұлтты халқы еліміздің басты мерекесі - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнін тойлайды. Біздің мектеп өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесіне, жоғары патриоттық сезімін қалыптасуына, өз Отан үшін мақтаныш сезімінің тәрбиелеуіне үлкен көңіл бөледі.
Осы мақсатпен 4-сыныпта мерейтойға арналған "Менің үйім, менің тағдырым, менің Қазақстаным!" атты іс-шара өткізілді. Барлық қатысушылар екі тілде сөйледі. Сынып сағаты салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды.
Оқушылар өлең, ән, проза арқылы Отанды және елімізде тұратын тұрғындарды Қазақстан Республикасының ең маңызды мерекесімен құттықтады. Іс-шара барысында Қазақстан туралы бейнетаспа және мазмұнды презентация көрсетілді.
Бұл іс-шара оқушылардың ой-өрісін кеңейтуіне, өз ой пікірін айтуына мүмкіндік берді, өз тағдыры мен өз елінің тағдыры үшін жауапкершілігін сезінуіне көмектесті.