Қауіпсіз күзгі демалыс!

23.10.2026

 

Мектебімізде оқушыларға күзгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша нұсқаулық өткізілді.

Нұсқаулық барысында оқушылар жол қозғалысы ережелерін, өрт қауіпсіздігін, үйде, көшеде және қоғамдық орындарда қауіпсіз жүріп-тұру қағидаларын, сондай-ақ интернеттегі қауіпсіздік ережелерін қайталады. Төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттерге және жедел қызметтердің нөмірлеріне ерекше назар аударылды.

Қауіпсіздік ережелерін сақтау — әрбір баланың өмірі мен денсаулығын қорғаудың кепілі!

Барлық оқушыларға қызықты, көңілді және ең бастысы қауіпсіз күзгі демалыс тілейміз!

Просмотров: 324


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу