Текст
15.09.2026
8-сынып оқушылары физика сабағында диффузия және броундық қозғалыс құбылыстарын зерттеді. Оқушылар бір заттың бөлшектерінің екінші заттың бөлшектері арасына біртіндеп еніп, араласатынын қызығушылықпен бақылап, диффузияның молекулалардың үздіксіз ретсіз қозғалысының нәтижесінде жүзеге асатынын анықтады.
Практикалық жұмыс барысында оқушылар броундық қозғалыспен де танысты. Броундық қозғалыс — қоршаған ортаның молекулаларының әсерінен ұсақ бөлшектердің ретсіз қозғалысы. Жүргізілген бақылаулар мен тәжірибелер оқушыларға бөлшектер қозғалысының ерекшеліктерін жақсырақ түсінуге мүмкіндік беріп, зат молекулаларының үнемі қозғалыста болатынын дәлелдеді.
Өздерінің практикалық білімдерін оқушылар тапсырмаларды орындау арқылы бекітті.