Текст
30.06.2026
«Дала ойыны» үйірмесінің жұмысы
«Дала ойыны» үйірмесі аясында бастауыш сынып оқушылары қызығушылықпен үстел ойындарына қатысты. Балалар қызықты тапсырмаларды орындай отырып, уақыттарын көңілді өткізді, логикалық ойлау қабілеттерін, зейінін, есте сақтауын және топпен жұмыс істеу дағдыларын дамытты.
Үстел ойындары балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып қана қоймай, олардың интеллектуалдық қабілеттерін, қарым-қатынас жасау дағдыларын және шешім қабылдау біліктерін дамытуға ықпал етеді. Сабақ барысында оқушылар ойын ережелерін сақтауға, бір-бірін қолдауға және қарсыластарына құрмет көрсетуге үйренді.