17.06.2026
Бүгін «Радуга» мектеп жанындағы алаңында бірінші ауысымның жабылу салтанаты ерекше көңілді әрі есте қаларлықтай өтті. Бұл күн балаларға көтеріңкі көңіл-күй, шаттық пен ұмытылмас әсер сыйлады.
Ауысымның аяқталуына орай балалар Көкшетау қаласына саяхат жасап, «Avenue Park» ойын-сауық орталығына барды. Балалар түрлі ойындарға қатысып, аттракциондарда серуендеп, достарымен бірге уақыттарын қызықты өткізді. Ойын-сауық орталығы балаларға қуаныш пен жақсы көңіл-күй сыйлады.
Белсенді демалыстан кейін балаларды дәмді түскі ас күтіп тұрды. Олар хош иісті пиццадан дәм татып, алған әсерлерімен бөлісті.
Алайда тосын сыйлар мұнымен аяқталған жоқ. Түскі астан кейін сауда орталығының басшылығы балаларға ерекше сый жасап, әрқайсысын тегін балмұздақпен қуантты. Бұл күтпеген сыйлық балаларды қатты қуантып, мерекелік күннің тамаша қорытындысы болды.
«Радуга» мектеп жанындағы алаңындағы бірінші ауысым өз мәресіне жетіп, балалардың жүрегінде жылы естеліктер, жаңа достар және жарқын әсерлер қалдырды. Қызықты әрі мазмұнды демалысты ұйымдастырған барлық ұйымдастырушылар мен қызметкерлерге алғысымызды білдіреміз және алдағы кездесулерді асыға күтеміз!