«Қауіпсіз жаз»

09.06.2026

Бастауыш сынып оқушыларымен «Қауіпсіз жаз» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері еске салынды. Әсіресе жолда, су айдындарының маңында, аулада және ойын алаңдарында қауіпсіз жүріп-тұру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Оқушылар жол қозғалысы ережелерін қайталап, ересектердің қарауынсыз суға жақындауға болмайтынын білді, сондай-ақ бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау кезінде және көшедегі белсенді ойындар барысында сақтық шараларын талқылады. Әңгіме барысында балалар сұрақтарға белсенді жауап беріп, жұмбақтар шешіп, өз білімдерімен бөлісті.

Просмотров: 534


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу