08.05.2026
2026 жылдың 8 сәуірі 1-сынып оқушылары аудан көлемінде өткен «Менің сыныбым ең керемет сынып» атты бейнероликтер байқауына белсене қатысты. Сынып жетекшісі және ата-аналарымен бірге оқушылар жарқын, мейірімді және тартымды бейнеролик жасады. Оқушылар ата-аналарымен бірлесе отырып, құстарға жемшөп жасап, табиғатқа деген құрметтерін, игі істерге деген құштарлығын көрсетті.
Бірінші сынып оқушылары өз жұмыстарында өз сыныбының өзара көмек, сыйластық, мейірімділік орнаған нағыз тату отбасы екенін көрсетті. Балалар шығармашылық қабілеттерін, жауапкершіліктерін және қиялдарын көрсете отырып, түсірілімге ынтамен қатысты.Бірінші сынып оқушылары байқауда бірінші орынды иеленді. Бұл жеңіс бейнебаянды жасауға бар жан-тәнімен, дарынымен, жан-дүниесін жұмсаған оқушылардың, ұстаздың, ата-аналардың бірлескен еңбегінің жемісі болды.
Оқушыларды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз! Әрі қарай өркендеп, бірлік, белсенділік пен жасампаздық жалғаса берсін деп тілейміз. Сіздерді алдағы уақытта жаңа табыстар, қызықты жарыстар, тамаша жетістіктер және тек жеңістер күтіп тұрсын! Біз сіздерді мақтан тұтамыз!