02.04.2026



5-сынып оқушыларымен көркем еңбек сабағында «Көкөністер мен жемістерден салат дайындау технологиясы» тақырыбы қарастырылды.
Сабақ барысында оқушылар салат дайындаудың негізгі тәсілдерімен танысып, көкөністер мен жемістердің адам денсаулығына пайдасы туралы білді, сондай-ақ ас үйде жұмыс істеу кезіндегі гигиена және қауіпсіздік ережелерін меңгерді. Өнімдерді дұрыс әрі ұқыпты турау, тағамды әсем безендіру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Сабақтың тәжірибелік бөлімі өте қызықты өтті: оқушылар қарапайым әрі пайдалы салаттарды өздері дайындап, оларды безендіруде шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Бұл сабақ дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыруға, оқушылардың дербестігін дамытуға және аспаздыққа деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.