Текст
24.02.2026
9 ақпанда жас өлкетанушылар, экологтар және натуралистердің «Табиғат – адамзатқа аманат» атты облыстық форумының аудандық кезеңі өтті. «Үздік эко-дизайн» номинациясы бойынша мектебіміздің намысын 8-сынып оқушысы Александр Сальников қорғап, І орын иеленді. 18–20 ақпан аралығында Көкшетау қаласында форумның облыстық кезеңі өтті. Александр жоғары дайындық деңгейін тағы да дәлелдеп, құрметті І орынды қайтадан жеңіп алды. Александрды және оның жетекшісі Доценко Виктор Владимировичті лайықты жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық табыс, жаңа идеялар, шабыт пен жарқын жетістіктер тілейміз! Бұл жеңіс жаңа белестер мен үлкен табыстарға бастар баспалдақ болсын!