Ш. Уәлиханов атындағы университет өкілдерімен кәсіби бағдар беру кездесуі

14.01.2026

Бүгін кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында мектебімізге Ш. Уәлиханов атындағы университеттің өкілдері келді. Кездесу 10–11 сынып оқушылары үшін ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында оқушылар университеттің білім беру бағдарламалары мен мамандықтары туралы ақпарат алды, оқуға түсу мүмкіндіктері, оқу шарттары мен жатақханада тұру жағдайлары таныстырылды. ЖОО өкілдері оқушылардың сұрақтарына жан-жақты жауап беріп, олармен еркін әңгімелесті және жеке кеңестер өткізді.

Просмотров: 1125


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу