12.01.2026
8–10 қаңтар аралығында Ақмола облысы бойынша шаңғы жарысы чемпионаты өтті, оған өңірдің ең мықты спортшылары қатысты. Біздің мектептің оқушылары Сандықтау ауданы командасының құрамына кіріп, жоғары спорттық нәтижелер көрсетті.
Жарыс нәтижелері бойынша келесі жетістіктерге қол жеткізілді:
Духно Денис — 2,5 км қашықтықтағы эстафеталық жарыста III орын, сонымен қатар 3 км еркін стильде III орын;
Лубенченко Владислав — 3 км қашықтықтағы эстафеталық жарыста III орын;
Беккер Роман — 7,5 км қашықтықтағы классикалық стильде II орын;
Степась Виктория — 3 км қашықтықтағы эстафеталық жарыста III орын;
Степась Сергей — 3 км қашықтықтағы эстафеталық жарыста II орын;
Шлыкова Татьяна — 5 км еркін стильде II орын және командалық спринтта I орын. Біздің мектеп оқушыларын облыстық чемпионаттағы лайықты өнер көрсетуімен құттықтаймыз және оларға болашақта да жаңа жеңістер, жетістіктер мен спорттық табыстар тілейміз!