«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Каменка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Каменка отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік.желілер

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Гран-при – біздің оқушымыздың қолында!

08.12.2025

 

Мектебіміздің 7-сынып оқушысы Бондаренко Арина «ALEM STAR 2025» Республикалық көпжанрлы өнер байқауында ең жоғары марапаттың иегері атанды.

30 қараша күні Алматы қаласындағы «Алатау» театрында жас таланттар бас қосқан жарқын өнер мерекесі өтті. Бұл шараға біздің жас жұлдызымыз да қатысты. Аудандық Балалар музыка мектебінің құрамында өнер көрсеткен Бондаренко Арина аспаптық орындауда өз шеберлігін жоғары деңгейде танытты. Қазылар алқасы Аринаның энергиясын, стилін және орындау шеберлігін ерекше бағалады. Байқау нәтижесі бойынша «Аспаптық орындау» номинациясында Арина ең жоғары марапат — ГРАН-ПРИДЫ жеңіп алды! Біз Аринаның бұл жетістігіне зор қуаныштымыз! Оған алда да жарқын белестерді бағындырып, жаңа жеңістерге жете беруін тілейміз!

 

Просмотров: 69


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст