Текст
12.09.2025 ж "Каменка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-нде 0-4 сынып оқушылары арасында медбике И. В. Казанцева "Жедел ішек инфекцияларының алдын алу және жеке гигиена ережелері" тақырыбында бейнетаспа көрсете отырып, әңгімелесті. Әңгіменің мақсаты: балаларда жеке гигиенаның дұрыс әдеттерін қалыптастыру, олардың денсаулығына саналы көзқарасты дамыту және қарапайым және қол жетімді ережелерді (қолды жуу, таза су мен қауіпсіз өнімдерді пайдалану) үйрету арқылы ішек инфекцияларының алдын алу