«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Каменка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Каменка отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік.желілер

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жеңілдікпен тамақтандыру туралы электрондық өтініш беру

30.07.2025

Қызметті қалай алуға болады?

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы (www.egov.kz), білім беру ұйымы және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы (электрондық не қағаз түрінде, таңдауға болады)

Қызметті қағаз түрінде алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе білім беру ұйымының кеңсесіне жолығу керек. Осы интернет-портал дәл сол кеңсенің және білім беру ұйымының өкілдігі болып табылады. Сондықтан аталған порталдың көмегімен берілген өтініш қағаз түрінде берілген өтінішпен бірдей

 

ТАЛАП ЕТІЛЕТІН ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ

  • 1АХАЖ АЖ-де мәліметтер болмаған жағдайда, неке қию немесе неке бұзу туралы куәліктің скан-көшірмесі
  • 2АХАЖ ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің скан-көшірмесі
  • 3мәртебесін растайтын құжаттың скан-көшірмесі:
    • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін - көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;
    • жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін - алған табысы туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақылары туралы, кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерлерінен түсетін табыстары туралы, балаларға және басқа да асырауындағыларға төленетін алимент түріндегі табыстары туралы анықтама);
    • отбасында тәрбиеленетін жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыда тәрбиеленетін балалар үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;
    • төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан балалар үшін - төтенше жағдайдың нәтижесінде шұғыл көмек қажеттілігін растайтын құжат;
    • білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттары үшін - отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру негізінде алқалы органның шешімі.
  • ӨТІНІШ БЕРУ РӘСІМІ
  • Өтініш беру үшін заңды өкіл бірнеше қадамнан өтуге және мынадай ақпаратты ұсынуға тиіс:
  • Қадам 1
  • екі мобильді телефон нөмірін көрсету;
  • Қадам 2
  • заңды өкіл туралы мәліметтерді көрсету;
  • Қадам 3
  • бала туралы мәліметтерді көрсету;
  • Қадам 4
  • электрондық хабарламалардың өлшемшарттарын ретке келтіру;
  • Қадам 5
  • жасалған өтінішті тексеру және оны тіркеуге жіберу.

 

Просмотров: 232


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст