Текст
2024 ж 15 қазан 11 сыныпта «Айтыс – ұлы өнер» тақырыбына танымдық сағаты өткізілді. Сабақта оқушылар қазақ халқының айтыс өнері туралы, белгілі суырып салма ақындардың өмірі мен шығармашылықтарымен танысты. Сабақ барысында берілген сұрақтарға жауап берді, ақындардың өмірбаянын әңгімелей отырып. өз білімдерін көрсетті. Постер жасау арқылы алған білімдерін бекітті.