Алғыс күнін мерекелеу аясында "Каменка орта мектебі" ММ бірқатар іс-шаралар өткізілді. 1-11 сыныптар аралығында бірыңғай сынып сағаттары өтті, оның негізгі мақсаты - көпұлтты Қазақстан халқының бірлігін сақтау және дамыту. Балалар мерекенің шығу тарихы, қазақ халқының мейірімділігі, осының арқасында Қазақстанның барлық ұлттары достықта өмір сүреді, мейірімділік пен қайырымдылықтары туралы көп мағлұмат алды.
Біздің мектептің оқушылары жалғыз тұратын қарт адамдардың мәселелеріне немқұрайлы қарамайды, сондықтан тимуршылар отрядтары оларға жыл бойы көмек көрсетеді. Балалар жапырақтарды жинап, қардан тазалайды, ал кейде олардың өмір тарихымен де қызығады. Алғыс айту күнін аяқтай отырып, мектепте " Алғыспен және сүйіспеншілікпен" атты қайырымдылық пен махаббаттың жарқын мерекесі өтті, онда оқушылар өздерінің шығармашылық шеберліктерін, әртістік қабілеттерін көрсетті, олар өлеңдер оқыды, ән шырқады, би биледі. Іс-шараны өткізу кезінде мерекенің жақсы көңіл-күйі қалыптасты, барлық қатысушылардың жағымды эмоционалдық көңіл-күйі сезілді.