Сабақтан жаңалық. Шебердің сабағы
Аттестаттауға дайындық кезеңінің аясында бірінші санатты қазақ тілі мұғалімі М. Ш. Каирова 7 ақпанда 3 сыныпта "Ақшақар жасайық" тақырыбына ашық сабақ өткізді.
Сабақта мұғалімнің алдына қойылған барлық міндеттер жүзеге асты. Сабақ басында сынып мен құрал-жабдықтар дайын болды, балалар сабаққа тез кірісіп кетті және мемлекеттік тілді жақсы меңгергендерін көрсетті, сонымен қатар «Аққала жасайық» шығармашылық жұмысты жасап қана қоймай, оны жоғарғы деңгейде қорғап шықты.
Мереке Шайховна тапсырмаларды бірте-бірте күрделендіре отыра, балалардың өз бетімен жұмыс істеуге бағыттай білді. Қисынды ойлау және сабақтың құрылымы, тапсырмалардың кезектеп беруі, жақсы білім ортасы қалыптасып, олардың «Қар. Қыс» тақырыбына жаңа сөздермен жұмыс жасай отырып, сөздік қорын молайта түсті.
«Қысқы мерекелер» атты мәтінді оқып түсінуге, шағын диалог құрастыру білуді бекіту, ал қазіргі заманғы оқытудың техникалық құралдары мұғалімге сабақ барысында қазақ тілін оқытуға қызығушылығын арттыруға көмектесті.
Балалар мәтінмен жұмысты үлкен қызығушылықпен істеді, сөздердің синонимдерін тауып, пәнаралық біріктірілген, жаратылыстану бойынша білімдерін көрсетті. Фронтальды, топтық және жеке жұмыс жасау жоғарғы білікті мұғалім туралы айтуға болады.. Шын мәнінде, бұл сабақ өз ісінің шебері, нағыз маманның сабағы.